Біз бала кезімізде әкеміз үйде отыруды білмейтін. Бірақ аптада бір күн үйде болатын. Оны демалыс күн деп ойласаңыз қателесесіз, өйткені шопандарда демалыс күні деген мүлде болмайды. Әйтеу әкеміз үйде болып, жануар аты арқа жазып тынығып қалатұғын. Атын ерттеп аттанып кетседағы, кеш батқанына, түн басқанына қарамай үйге қонаға келетіні тағы бар еді. Ойға шөпке екі аптаға кететіні басқа әңгіме. Кейін ес білген соң түсінгеніміз ол «екінші күн» болып шықты. Бүгін сәтсіз күн деп үйде болатын, біздің үйге сырттан да адамдар келмейтін. Оларда үйлерін де шығар. Дала заңы солай шығар кім білсін...
Айтайын дегенім, осы аптаның атауларының неге қазақша атаулары жоқ? Білетін қазақша апта күндерінің атауы: Бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші күндер. Міне, тамаша, бұған дауым да жоқ.
Менің дауым: Дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндеріне. Бұларды қашан үйренгенім есімде жоқ, бірақ бір білерім өте кеш үйрендім. Өте көп қателескенім де нақты есімде. Бұрынғы Бірінші, екінші әрі үшіншім қайта артық болып тұратын. Әлі де сол ойдамын. Сондай-ақ бұл күндер бізге парсы тілінен енгендігін үлкендер дерлік білеміз. Тәуба, ТӘУЕЛСІЗ елміз енді неге қазақша апта күндерінің атаулары болмасқа... Қазақша болса қандай тамаша болар еді. Баста айтқанымдай бірінші, екінші әрі үшінші т.б. атаулары атала берсе сөз жоқ. Өзгерту қажет болса «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ» 25 жылдығына орай өзгерту керек пе еді. Менің де азамат ретінде ұсынысым бар. Оны кейбір елдердің апта атауларын атаған соң ұсынармын.
Ағылшынша:
Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday, Saturday, Sunday.
Орысша:
Понедельник, Вторник,Среда, Четверг, Пятница, Суббота, Воскресенье.
Түрікше:
Пазартесі, Салы, Шаршамба, Першембе, Жұма, Жұмартесі, Пазар.
Түрікшеге де парсы араб тілдерінен бір екі атау енгендігін көріп отырсыздар.
Біздің бірінші, екінші әрі үшіншімізге ең сәйкес келетін араб апта атаулары. Бірақ олардың апталық күн реті мүлде өзгешелеу.
Арапша: Яумүл әхад (жетінші), Яумүл иснәйн (бірінші), Яумүс сүләсәә (екінші), Яумүл әрбиғә (үшінші), Яумүл хамис (төртінші) Яумүл жұмғә (бесінші) Яумүс сәбт (алтыншы)
Апта атауларын атап пайдалану Сатурн, Күн, Ай, Марс, Юпитер, Шолпан, Меркурий сияқты 7 аспан денесінің белгілі болуына байланысты пайда болды делінеді. Осы денелерді апта күнімен атайтын ел Моңғолия. Оларға Тибеттерден келген болар. Даваа (ай), Мягмар (марс), Баасан (шолпан), Бямба (сатурн) және т.б.-лар
Жеті түс, жеті нота сықылды жеті күн де Ұлы жаратушының сыйлығы. Атам қазақ осыған ұқсатып жеті ата, жеті қазынаны қалыптастырған жоқ па. Сондықтан қазақи атаулары болса деген ой мені, біздегі атаулардың парсыша екенін білгеннен кейін басталған еді. Осыны кей бауырларыма да ақтарған болатынмын. Жеті аспан денесін қолданбай-ақ қоялық, төл атау болса деген арман. Жоғары да айтылғандай бірінші, екінші әрі үшіншіміз өте тамаша. Ал қайткен күнде атау қосар болсақ менің ұсынысым, әр қазақтың жанындай жақсы көріп сүйетін «Жылқы» атауларын атар едім.
Мысалы:
Бірінші күн – Құлын
Екінші күн – Тай
Үшінші күн – Құнан
Төртінші күн – Дөнен
Бесінші күн – Бесті
Алтыншы күн – Ат
Жетінші күн – Азат (азаттыққа орай) азат күні атауы да қолданыста бар екеніде қаперлеріңізде болар.
Жә, басқасын қарық қылып, осы қалды ма немесе кірме сөздің барлығын өзгерту мүмкін бе деушілер де табылар. Ол емес мәселе, жаттаған, атаған әрбір сөзімізбен атауларымыз санамыздың түбіне сіңіссе нұр үстіне нұр болмақ. Сол үшін де менің таңдауым жылқы атауларына одақтасты.
Жаратушы Жалғыз Ием ел жұртымды баянды ете көр!
«Әбу Бәкір Сыддық медресе колледж»інің ұстазы
Әбдікәрім Берікбай ГЕРМАНОҒЛЫ