12 сәу, 2021 сағат 21:15

Анықтама ұсынбаған қазақстандықтар ұшаққа отырғызылмайды - қаулы

ҚР ДСМ Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысына сәйкес енді анықтама ұсынбаған жолаушылар әуе кемесінің бортына отырғызылмайды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 59 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 

7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Анықтама ұсынбаған жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жібермеуді», - делінген қаулы мәтінінде.

Қаулы 14 сәуірден бастап күшіне енеді.