Түркияның Анталья қаласында туристер мінген автобус аударылды. Онда негізінен ресейлік саяхатшылар болған, - деп хабарлайды kaz.tengritravel.kz порталы Demirören агенттігіне сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Кемер уезінің Чамъюва ауданында болған. Саяхатшыларды Демреге апара жатқан жүргізуші көлік тізгінін игере алмай, жолдан шығып кетіп, электр желісі орнатылған бағанаға соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан 11 турист пен жүргізуші зардап шекті, олар оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем каретасымен ауруханаға жеткізілді.
Айта кетейік, осыған дейін сәуірдің ортасында Анталья қаласының аумағында америкалық туристер отырған автобус аударылды. Жергілікті БАҚ мәліметінше, апат салдарынан жеті адам зардап шеккен.