25 қар, 2024 сағат 10:50

Анталья әуежайында ресейлік ұшақ өртенді

Фото: kp.ru

24 қараша, жексенбі күні Түркияда қону жолағына қонғаннан кейін ресейлік «Азимут» әуе компаниясына тиесілі Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы өртенді. Ұшақ Сочиден ұшып келген, деп хабарлайды «Интерфакс».

Куәгерлердің айтуынша, алдымен ұшақтың қозғалтқышы отқа оранған, кейін жалын ұшақтың басқа бөліктеріне тараған.

Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, барлық жолаушылар мен экипаж мүшелері үрмелі трап арқылы дер кезінде эвакуацияланды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Mash Telegram-каналының мәліметінше, қону кезінде ұшақтың сол қанаты ұшу-қону жолағына соғылған болуы мүмкін.

Әуе компаниясының ақпараты бойынша, Superjet қону кезінде қолайсыз ауа райы жағдайында — қатты жаңбыр мен желдің салдарынан өртенген.

Оқиғаның себебі бойынша тергеу жүргізілуде. Әуе компаниясы кері рейсті жүзеге асыру үшін қосалқы ұшақ дайындап жатыр.