Танымал эстрада және опера әншісі Толқын Забирова коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырып алды.
Бұл туралы әнші өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес, деп жүріп... Антителаның арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек мамама ауыр болып тұр. Жасы 74-те. Алла шипасын берсін мамама», - деп жазды әнші.
Сонымен қатар, ол уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.
«Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ осындай жаста үлкендерге салдыруға болар ма екен?! Бәріміз аман болайық, ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», - деді Толқын Забирова.