13 сәу, 2021 сағат 10:45

Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру басталды

Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Полицияның мәліметінше, мейрамхана қожайынына айыппұл салу мәселелері қаралуда. 

«Аталған жайт бойынша 12.04.2021 жылы Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы Кен баба саябағында орналасқан «КАРАВАН« кафесінің иесінен түсініктеме алынып, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды» делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Марат Омаровтың шымкенттік дәмханалардың бірінде отбасылық той өткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Танымал композитордың қызы Зүлфия Омарованың ұзатылу тойының көріністерін қонақтары видеоға түсіріп, желіге жүктеп жіберген. Жұлдызды әулеттің қуанышында Сабина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков болғаны айтылуда.