06 ақп, 2019 сағат 12:57

Анджелина Джоли Бангладештегі босқындар лагеріне барды

Белгілі актриса Анджелина Джоли Бангладешке жасаған үш күндік сапары аясында «Кутупалонг» босқындар лагеріне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының ресми сайтына сілтеме жасап.

БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссарының елшісі ретінде Анджелина Джоли Текнаф әуежайынан тура рохинджа мұсылмандары тұратын босқындар лагеріне бет алды. Олар - 2017 жылдың тамызындағы қақтығыстар кезінде Мьянмадан қашып шыққандар.

Лагерьдегі баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Анджелина Джолидің айтуынша, босқындар саны бірнеше айда 700 мыңнан асқан.

БҰҰ елшісінің басқа лагерьлерге де барады. Сондай-ақ Бангладеш астанасы Даккада елдің премьер-министрі Шейх Хасинамен және сыртқы істер министрі Ак Абдул Моменмен кездеседі.

Еске сала кетейік, Анджелина Джоли бұған дейін Ирак, Түркия, Мальта, Ливан, Иордания, Сирия, тағы басқа елдердегі босқындар лагерьлерінде болған.