«Юнис» дауылынан Амстердам маңында 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.
Аталған елдің құтқару қызметіне келген хабарламалар саны шектен тыс өскен. Полиция азаматтарды үйден шықпауға шақырып, пойыз қозғалысын шектеді.
Сонымен қатыр «Юнис» дауылы Бельгиядағы соңғы отыз жылдағы ең күшті дауыл ретінде тіркелуде. Фландрияда ағаштардың құлауы салдарынан бірнеше адам ауыр жарақат алды.
Елдің басқа бөліктерінде төтенше жағдайлар қызметі апаттан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін жүздеген қоңырау алды.