Әміре атымен танымал Ернар Садырбаев ресейлік әнші Дима Биланның иығына шапан жапты, деп хабарлайды Sputnik.
Әншінің өзі жариялаған видеодан Әміренің Биланның үстіне шапан жауып, сауыт пен қамшы сыйлағанын көруге болады.
Шапан киіп жатқан Дима Билан болса, Қазақстанда әпкесі тұратынын айтты. Ол туысы тұратын қаланың атын ұзақ есіне түсіре алмай тұрды. Соңында оның Қостанай екені мәлім болды.
Ернар Садырбаевтың өзі де сол өлкенің тумасы.
Естеріңізге сала кетейік, "Дауыс" шоуының оныншы маусымы 30 желтоқсанда мәресіне жетті. Оның жеңімпазы Қырғызстан елінің өкілі Александр Волкодав атанды.
Финалистер үштігіне қазақстандық әншілер Ернар Садырбаев пен Әлішер Кәрімов енген болатын.