Эволюциялық психология саласының маманы Гордон Гэллаптың сөзінше, АҚШ-та 100 жыл бұрын адам мен маймылды будандастырған. Ол 1930 жылдары Атлантадағы Эмори университетінде өткен тәжірибелік жұмысқа қатысы бар адамның сөзіне сүйеніп отыр, - деп хабарлайды Mirror.
Флоридадағы Ориндж-Парк қалашығында ғалымдар ұрғашы шимпанзеге адам ұрығын салғанда, маймыл буаз болған-мыс. Осылайша "сәтті" тәжірибе арқасында 225 күннен кейін "панзеадам" пайда болған.
Көпшілік бұл әдісті сөккендіктен, "панзеадамды" жою туралы шешім қабылданған екен.
Гордонның сөзінше, қазіргі технология арқылы адам мен шимпанзені будандастыруға болады. Сонымен қатар, ол адамдарды шимпанзе ғана емес, горилла мен орангутанг сияқты басқа да маймылдармен будандастыруға болатынын айтады.
Айта кетейік, В 1958 жылы Оливер атты шимпанзе будан деп есептелген. Өйткені ғалымдар оны хромосомалар саны 47 екенін (адамда 46, шимпанзеде 48) мәлімдеген болатын. Сонымен бірге, ол тік жүрген және басы таз әрі бетінде секпілдері болған. 2000 жылы ДНҚ-сына Оливердің хромосомалар саны кәдімгі шимпанзедегі сияқты 48 екенін көрсетеді. Оливер 2012 жылы 55 жаста өлген еді.