Аманияз Ержанов ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.
2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.
2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды
