Алтын-Емел ұлттық паркінде орнатылған фототұзаққа камераға қызыққан қар барысы түсіп қалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Видеолар Экология министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің әлеуметтік желілерінде жарияланды.
"Кадрлардан жануардың камераны байқап, оған жақын келіп, ойнап тұрған сәтін көруге болады. Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, жануарлар кадрларға кездейсоқ түсіп қалып, әдетте байқамай өтіп кетеді. Егер байқап қалса, ормандағы ерекше құбылыс ретінде оған қызығушылық танытады. Айта кету керек, жабайы жануарлардың қозғалысын бақылау үшін ұлттық паркте 15 фототұзақ орнатылған. Қар барысы объективке жиі түседі", - делінген жазбаның астында.