03 там, 2020 сағат 16:18

Алты облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның алты облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 тамызда Маңғыстау облысынының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Жел солтүстіктен батысқа ауысады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

4 тамызда Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік шығыстан жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 

4-5 тамызда Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 екпіні 23 м/с жетеді. 4-5 тамызда күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық болуы ықтимал, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4-5 тамызда күндіз Жезқазғанда 35-37 градус ыстық болуы мүмкін.

4 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

4 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қатты жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

Орал қаласында 4 тамызда нөсер жаңбыр, бұршақ жаууы, найзағай жарқылдап, күн күркіреуі, мүмкін. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

4 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында 35-36 градус қатты ыстық болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда ертең 35 градус ыстық болуы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.