06 там, 2019 сағат 17:26

Алты алтын іздеуші карьерде ауа жетпей көз жұмды

Конго Демократиялық Республикасының шығысында орналасқан Джугу ауданында алтын өндірілетін карьерде жұмыс істеп жатқан алты алтын іздеуші оттегінің жетіспеуінен көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті Actualite порталына сілтеме жасап.

БАҚ-тан белгілі болғандай, заңсыз жұмыс істеген кеншілер дүйсенбі күні түнде «Ессіздік» атауымен белгілі карьерде қаза тапқан. Ол Джугу ауданына қарасты Мунгвалу ауылдық коммунадан жеті шақырымдай қашықтықта орналасқан.

«Бір құдықта жалпы 8 адам жұмыс істеп жатқан. Оттегінің жетіспеуінен осындай проблема туындаған. Екеуі көмек көрсетіліп, аман қалды, қалған алтауы оқиға орнында көз жұмды», - деді Мунгвалу ауылдық коммунасының басшысы Жан Пьер Бикилисенде.

Шахтаның полиция жасағы тергеу өткізу үшін оқиға орнына келді.