04 нау, 2017 сағат 15:16

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратқандарды заңмен қорқытты

Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратқандарды заңмен қорқытты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат"

Қазақстанның Польшадағы елшісі болған Алтай Әбибуллаев өзі жайлы қауесет таратпауды сұрады. 

"Мен туралы қажетсіз кез келген қауесет пен болжамдардан бас тартуларыңызды сұраймын. Бұл ҚР заңнамасымен қудаланады", - деп жазды ол Twitter желісіндегі аккаунтында.

Еске салайық, осыған дейін Қазақстанның Польшадағы бұрынғы елшісі Алтай Әбибуллаевтың шаруашылық жүргізуші субъектінің коммерциялық қызметіне араласуға әрекеттену түрінде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы бұзғаны белгілі болған еді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Ал, 2017 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Осыған дейін елшіні жауапкершілікке тарту ұсынылған. Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Польшадағы елшісі болып 2016 жылдың 11 мамырында тағайындалған еді.