02 мам, 2019 сағат 20:44

Алсу "Евровидение 2019" конкурсынан шеттетілді

"Россия 1" телеарнасы әнші Алсуды "Евровидение 2019" конкурсының трансляциясына қатыстырудан бас тартты. Бұл туралы телеарнаның жаңалықтарында айтылды, деп хабарлайды Sputnik.

Неге мұндай шешім қабылданғаны жария етілмеді, алайда, бұл жағдайға "Голос.Дети" шоуынан кейін туындаған дау себеп болуы мүмкін.

Алсу телеарна эфирінде ресейлік қазының балын хабарлап тұруы тиіс еді, енді оның орнына 16 жастағы пианист Иван Бессонов бекітіліпті. Жас музыкант – Eurovision Young Musicians 2018 конкурсының жеңімпазы және "Синяя птица" конкурсының финалисі.

Айта кетейік, "Россия 1" телеарнасы музыкалық конкурсты трансляциялауға құқық алған.

Ресейден "Евровидение 2019" байқауына кім барады?

Ресейдің атынан тағы да Сергей Лазарев өнер көрсетеді. Ол 2016 жылы Стокгольмдегі "Евровидениеде" үшінші орынға ие болған еді.