Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман COVID-19 қарсы вакцинаның перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алмаз Шарман пандемия 2021 жылдың ортасында немесе соңында аяқталуы мүмкін екені туралы деректерді келтірді. Оны тиімді жәні қауіпсіз вакциналардың дайындаумен байланыстырады, әлемде мұндай вакциналарды жасау үшін екі жүзге жуық зертхана жұмыс істеп жатыр.
«Коронавирусқа қарсы Pfizer/BioTech және Moderna компаниясының вакцинасы жақында сынақтан сәтті өтті. Олардың тиімділігі 95 пайыздан асқан. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Екі вакцина матрицалық РНК-ның ең заманауи технологиясына негізделген. Оның басты ерекшелігі тек антиденелердің бөлінуіне ғана емес әрі жасушалық иммундық әсеріне де ықпал етеді. Бұл нәтижелердің барлығы мамандардың болжамынан асып түсті және шабыттандыруда. Демек, ғалымдар COVID-19-ды жеңу жолында тағы бір маңызды қадам жасаған сияқты», — деді ол.
Келесі жылы бірнеше миллиард дозада түрлі вакциналар өндіріледі деп күтілуде. Оның үстіне, әлемде халықты вакцинациялау мәселесі түрлі пікірлер тудыруда.
Профессордың айтуынша, вакциналар адамзатқа пандемиядан қорғайтын иммунологиялық жастықты қалыптастыруға көмектеседі. Алайда, ағзада коронавирусқа қарсы бейтарап антиденелердің қаншалықты ұзақ сақталатыны және адамның қанша уақытқа иммунитетке ие болатыны әлі де түсініксіз. Осыған байланысты, кейбір жасалып жатқан вакциналар екі немесе одан да көп екпені қажет етуі мүмкін.
Еске салсақ, Қазақстанда отандық QazCovid-in вакцинасын клиникалық зерттеудің қорытынды III кезеңінің басталуы мақұлданды. Алдын ала зерттеу нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігі, иммуногенділігі және тиімділік деңгейінің 96% көрсетуде.