04 ақп, 2019 сағат 16:58

Алмаз Әбдіғалымов «Қазгеологияның» басқарма төрағасы болып тағайындалды

Директорлар кеңесінің шешімімен Алмаз Әбдіғалымов «Қазгеология» ұлттық геологиялық барлау компаниясы» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпаратprimeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Алмаз Әбдірашұлы 1974 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «мұнай және газ геологиясы» мамандығы бойынша, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Әр жылдары Қ. Сәтпаев атындағы Геология ғылымдары институтында, «СНПС Ай-Дан Мұнай» АҚ, «Қазмұнайхим-Копа» ЖШС, «Caspian Gеo Consulting Services» ЖШС, «Гео-Мұнай XXI» ЖШС, «Гео-Инженер Консалтинг» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» өндіру және бұрғылау технологиялары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-ында қызмет атқарған.

2017-2018 жылдары «ҚМГ-Еуразия» ЖШС бас директорының орынбасары болған.

Соңғы тағайындалуға шейін 2018 жылғы желтоқсаннан бастап «Қазгеология» АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.