11 мау, 2021 сағат 23:00

Алматылық кәсіпкерлер екпе алып жатыр


Әлемдік пандемия, еліміздегі коронавирус індеті қай салаға болмасын оңай тимегені анық. Әсіресе, шағын және орта бизнеске айтарлықтай ықпал етті. Дегенмен, карантин жағдайына қарамастан, талаптарды сақтай отырып, кәсібін жүргізген алматылық кәсіпкерлер індетке қарсы екпе алып бастады, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат». 

Айта кетейік, КВИ індетіне қарсы күресте кәсіпорын ұжымдарына, әсіресе сауда және қызмет көрсету салаларына вакцина алу маңызды. 

Алматының "Нефрос Азия" және Future Trade Company кәсіпорындарында тиісінше 70% және 95% ұжым екпе алды. 

Алғашқы аталған компанияның өңірлік директоры Жұлдыз Нұрсейітова Қазақстан бойынша медициналық холдингтің 45 филиалы бар екенін айтты. Бұл гемодиализ орталықтары, олардың жұмысы науқастар үшін маңызды. Сол үшін барлық өңірде 1000-ға жуық қызметкер екпе алды, бұл ұжымның 70%-ын құрайды.

«Бүгінде басқа қызметкерлер күн сайын 2-3 адамнан екпе алуда. Қызметкерлер ерікті түрде вакцина салдыруда. Олар емханада тұрғылықты жері бойынша вакцина алады. Вакцина жұқтыру қаупін азайтуға көмектеседі деп сенемін. Біздің орталықтарда барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталуда, әлеуметтік қашықтық, бетперде режимі сақталуда, бірақ бәрібір үйреншікті өмір салтына оралғым келеді, бұл жағдайға вакцина алу көмектеседі»,– деп ойымен бөлісті Жұлдыз Нұрсейітова.

"FUTURE TRADE COMPANY" ЖШС қызметкерлері жартылай "қашықта" жұмыс істейді. Алайда, олар жұмысты әдеттегідей жалғастырғысы келеді, сондықтан олар ұжым болып екпе алады. Олардың компаниясы мегаполистегі азық-түліктің негізгі дистрибьюторы, сондықтан "оффлайн" режимінде жұмыс істеу қиын.

"Менің ойымша біздің ұжымда 95%-ы вакцина алды. Қазір оффлайн режимде жұмыс істейтіндердің барлығы вакцина алған немесе ауырып қалған қызметкерлер. Сондай-ақ антиденелердің болуы туралы анықтама бар. Мен вакцинаның бірінші компонентін алдым, жанама әсерлер болған жоқ, тек әлсіздік бар. Бүгін немесе ертең вакцинаның екінші компонентін алуға барамын. Бұл індетпен күрестегі жалғыз құрал деп ойлаймын", - дейді кәсіпкер Дәулет Шакиев.

Айта кетейік, бұған дейін оңтүстік астананың кәсіпорындарында "Алматы электр қалқаны зауыты" ЖШС, "Хюндай Транс" ЖШС, "КСМ Техновид" ЖШС, "Масло-дел" ЖШС, 2-ЖЭО қызметкерлері ұжымдық түрде вакцина алды. Оларға медициналық бригадалар барды. 

Естеріңізге сала кетейік, карантин жағдайына қарамастан, талаптарды сақтай отырып, кәсібін жүргізген алматылық кәсіпкерлер індетке қарсы екпе алып бастады. КВИ індетіне қарсы күресте кәсіпорын ұжымдарына, әсіресе сауда және қызмет көрсету салаларына вакцина алу маңызды. Алматыда 72 ірі өнеркәсіп пен өндірістік кәсіпорын бар. Емханаларда құрылған мобильді бригадалар барлық нысандағы ұйымдарға вакцина алуға барады.