27 қаз, 2019 сағат 09:47

Алматыдан 348 шақырым қашықтықта жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 27 қазан күні Алматы уақытымен 04 сағат 30 минут 42 секундта жер сілкінісін тіркеді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

Зілзала ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 348 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Энергетикалық санаты – 9,5. MPV тербелісі – 3,8. Тереңдігі – 5 шақырым.

Жер дүмпуі Алматыда сезілмеді.