Алматыда жер сілкінді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ҚР БҒМ ҒК Сеймологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесі сағат 15:20 жерасты дүмпулерін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 5 шақырым жерде болған. Жерасты дүмпулерінің магнитудасы - MPV 3.7, 10 шақырым тереңдіктен білінген. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8,5.
Алматы тұрғындарына жер сілкінісі 2-3 балл шамасында сезілді.
Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығы мамандары қалада ешбір ғимаратқа зақым келмегенін, сондай-ақ «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесі таудағы гидротехникалық құрылғылардың жарылмағанын хабарлады. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ.
Бастапқыда "Сейсмология институты" ЖШС директоры Анвар Боранбаев жер сілкінісінің Алматыдан 40 шақырым жерде болғанын хабарлаған еді.