2020 жылы Алматыда 2 млн 396 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл – 22 626 пәтер, 2062 жеке тұрғын үй, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 290 мың шаршы метр тұрғын үй, бұл 5206 пәтер.
"7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, ол бойынша 76,5 млрд теңге сомасына 5605 пәтер сатып алу мақұлданды.
Биыл Алматы әкімдігі ғылым және білім, БАҚ, әлеуметтік қызмет саласында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі жас қала тұрғындары үшін "Алматы жастары" жеңілдетілген ипотекалық несиелендіру бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна пәтердің жалпы құнының 10%-ын құрайды. Кредиттік шарт жылдық 5% - бен 25 жыл мерзімге ресімделеді. Жеңілдетілген шарттардың арқасында 894 жас алматылық медицина қызметкерлері, мұғалімдер, ЖОО мен ҒЗИ оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, жазушылар, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметкерлер көптен күткен пәтерлерді бастапқы және қайталама тұрғын үй нарықтарынан сатып алды.
Жыл соңына дейін баспанаға бір мың жас қала тұрғыны ие болады. Келіп түскен өтініштердің санын ескере отырып, бұл қала жастары тарапынан сұраныстың артқанын көрсетеді, бағдарламаны іске асыру келесі жылы жалғасады.
Қазіргі таңда Алматы жастары проблемаларының бірі студенттік жатақханалардың жетіспеушілігі болып отыр.
Осылайша, "5 әлеуметтік бастама" шеңберінде басты міндеттердің бірі студенттердің тұратын орындарының санын ұлғайту және барлық халықаралық талаптарға жауап беретін жаңа қазіргі заманғы ғимараттар салу болып табылады, оларда жастардың білім алуы мен жайлы тұруы үшін барлық жағдай жасалатын болады.
"5 әлеуметтік бастама" аясында 2022 жылдың соңына дейін Алматыда 25 жоо-да 16 мың орындық 38 жатақхана салу жоспарлануда. Алматы жоғары оқу орындары өз студенттерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Бағдарлама жүзеге асырылғаннан бері қалада 1377 орындық 4 жатақхана құрылысы аяқталды. 2020 жылы Каспий университеті 200 орындық студенттер жатақханасын толыққанды қайта жаңартуды аяқтады, Д.Қонаев атындағы Еуразиялық Заң Академиясы жыл соңына дейін 100 орындық заманауи жатақхананы пайдалануға берді.
Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (1260 орын) және Абай атындағы ҚазҰПУ-да (370 орын) жатақханалардың құрылысы басталды.
Студенттік жатақханаларды салу және қайта құру сапасы бойынша қазіргі мониторинг екі жоғары оқу орнында, атап айтқанда Д.Қонаев атындағы академияда және Каспий университетінде жүргізілді.
Мердігердің айтуынша, Д.Қонаев атындағы академияның жатақханасын толық тапсыру ағымдағы жылдың соңына жоспарланып отыр. Алдын ала бағалау бойынша құрылыс жұмыстары сапалы орындалды және барлық стандарттарға сәйкес келеді.
Каспий университетінің жатақханасында ғимаратты қайта құру толық аяқталды, әр бөлмеге жеке санитарлық тораптар шығарылды, барлық жиһаз бен тұрмыстық техника жаңартылды. Қаладан тыс жерлерден келген студенттердің тұруы үшін қолайлы жағдайлар жасалған.
Eстeріңізгe сала кeтeйік, 2020 жылы Алматыда 2 млн 396 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі, бұл – 22 626 пәтер, 2062 жеке тұрғын үй. Оның ішінде "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында 290 мың шаршы метр тұрғын үй, бұл 5206 пәтер. "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру жалғасуда, ол бойынша 76,5 млрд теңге сомасына 5605 пәтер сатып алу мақұлданды.