03 қаз, 2019 сағат 07:55

Алматыда Құрманғазының шығармашылығына арналған күй кеші өтеді

4 қазан күні сағат 19:00-де Алматыда Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрінің концерт залында қазақтың ұлы композиторы, күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының шығармашылығына арналған «Баба мұрасы» атты күй кеші өтеді.

Бұл туралы ақпаратты Мәдениет және спорт министрлігі Facebook парақшасында жариялады.

«Қазақ ұлтының бай мұрасын «Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа» және тағы басқа мазмұнды, әсерлі, терең мағыналы философиялық күйлермен толықтырған Құрманғазы Сағырбайұлының есімін білмейтін жан жоқ. Халық «Күй атасы» деп атап кеткен ұлы күйшінің мұралары әлемдік музыка өнерінде қазақ сазының құдіретін таныта білді. Екі шекті аспаптан әуенге бай, рухты шығармалар тудырған Құрманғазыны тірі кезінде көрген қазақтарды былай қойғанда, өзге жұрттың озық ойлы өкілдері де ұлы композитордың талантына тәнті болған»,м-мделінген хабарламада.

Аталған кешке Шәміл Әбілтаев, Ермек Қазиев, Батыржан Мықтыбаев, Абылғазы Ахмадиев, Едіге Набиев, Армат Исламғалиев, Шыңғыс Құрманқұлов сынды және т.б. өнер майталмандары қатысады.