24 сәу, 2020 сағат 12:10

Алматыда коронавирустан сегізінші науқас қайтыс болды

24 сәуір түстен кейін Алматыда тағы бір науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Coronavirus2020.kz сайтының Telegram арнасындағы мәлімет бойынша, науқас - 1945 жылы туған ер адам

«Науқас 12 сәуірде Covid-19 диагнозымен инфекциялық стационарға емдеуге жатқызылған болатын. ЖИА, артериялық гипертония, алдыңғы ми артериясының аневризмі, созылмалы пиелонефрит, екіжақты пневмония сияқты қосымша аурулары болған» деп хабарлады басқармадан.

Қайтыс болған адам диагностикалау және емдеу хаттамасы бойынша коронавирус инфекциясынан ем алған. Стационарда өте ауыр жағдайда өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Қазақстанда коронавирустан барлығы 24 адам қайтыс болды. Жұма, 24 сәуірде Алматыда - 2, Нұр-Сұлтанда - 1, Шымкентте 1 адам қайтыс болды. Олардың біреуі - Ресей азаматы

Жергілікті биліктің айтуынша, Алматыда қайтыс болған 1957 жылы туған әйел үйде өз бетінше емделген. Дәрігер шақырмаған. Қайтыс болғаннан кейін COVID-19 ауруымен ауырғаны анықталған. 

Шымкентте қайтыс болған 1968 жылы туған ер адам коронавирустан бөлек бірнеше созылмалы аурулармен ауырған.