Алматыда жаяу және жеке көлікпен жүруге рұқсат. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Алматылықтар санитарлық нормаларды сақтап, қала ішінде жүре алады», - деп түсіндірді қалалық ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, велосипедпен де жүруге рұқсат етілді.
Өз кезегінде, полиция тұрғындарды 3 адамнан көп жиналмауға шақырды.
Еске салайық, бүгін карантиндік режимнің жеңілдеуіне және көптеген нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруіне байланысты қала ішінде орналастырылған тосқауыл (фильтрация) посттарын алып тастады.