22 там, 2019 сағат 06:46

Алматыда дәмхана өртеніп жатыр

Алматыда ғимарат жанып жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің болжамы бойынша бұл - дәмхана, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Өрт бүгін таңертең тұтанған.

Куәгерлердің айтуыша, ауданда ыстың иісі қатты шығып тұр, қара түтін алыстан көрінеді.

Әлеуметтік желіде өрттің видеосы пайда болды.

«Манхэттен» тұрғын үй кешенінің жанында жер үй және дәмхана өртеніп жатыр, - делінген видео хабарламада.