25 мам, 2021 сағат 14:29

Алматыда алдағы үш күн ыстық болады


«Қазгидромет» мамандары алдағы күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан территориясының басым бөлігінде Батыс антициклонымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанның көптеген аймағында күн ысиды. 

«Елдің батысында күн 39°С дейін ысиды. Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда ауа температурасы 40°С дейін көтеріледі», - деп хабарлады «Қазгидромет « РМК. 

Алматыда алдағы үш күнде көшпелі бұлт шығады. Ауа температурасы түнде 16-18 жылы, күндіз 32°С ыстық болады. 

Күндіз Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда, Ақтөбе, облыстарының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде, Алматы, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі күтіледі.