15 сәу, 2021 сағат 11:13

Алматыда ақын Шөмішбай Сариевтің 75 жылдығына арналған флэшбук басталды

Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасында ақын Шөмішбай Сариевтің туғанына 75 жыл толуына арналған флэшбук басталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ақынның өмiрi мен шығармашылығына арналған «Сезім ақыны» атты флэшбукті онлайн тамашалауға болады. 

Шөмішбай Сариев 1946 жылы 15 сәуірде Қызылорда облысы, Арал ауданы, Шөміш стансасында дүниеге келген.

Еңбек жолын Қазалы аудандық «Ленин туы», Арал аудандық «Толқын» газеттерінен бастаған. Кейіннен «Қазақстан» баспасының редакторы, «Жұлдыз» журналы бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми, аға ғылыми қызметкері болған. 

1971 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Алғашқы жыр жинағы 1974 жылы «Балдәурен» деген атпен жарық көрген. Содан бергі аралықта қазақ, орыс тілдерінде он бес шақты кітабы шықты.

«Тарлан» сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Шөмішбай Сариев биыл 15 ақпан күні 75 жасқа қараған шағында қайтыс болды.