01 қар, 2022 сағат 16:20

Алматыда 12 жыл бойы іздеуде жүрген әйел ұсталды


Маңғыстау полицейлері 12 жыл бойы іздеуде болған әйелді ұстады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"54 жастағы әйел, Батыс Қазақстан облысының тумасы, ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінде ("Алаяқтық") көзделген қылмыс жасағаны үшін 12 жыл бойы іздеуде болды. Ол осы уақытқа дейін Алматы қаласының аумағында жалған құжаттармен өмір сүрген.

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Алматы қаласында күдікті әйелді ұстады. Тәртіп сақшылары оны Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамауға алды", - деліген хабарламада.