Алматы тұрғындары Қытайда болған жер сілкінісінің дүмпулерін сезді.
"Сейсмикалық станциялар желісі бүгін Алматы уақытымен 10:36-да жер сілкінісін тіркеді. Оның ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 387 шақырым жерде болған", — делінген ҚР БҒМ СТӘЭ сайтында.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.6, магнитудасы MPV 4.0, тереңдігі 15 шақырым.
Соңғы рет жерасты дүмпулері Алматыда 26 наурызда сезілген еді. Ол кезде жер сілкінісінің эпицентрі Қапшағай су қоймасына жақын, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 68 шақырым жерде және бес шақырым тереңдікте болды. Магнитудасы 5,5 құрады. Қалада үш-төрт балдық жерасты дүмпулері сезілді.
Ал мұның алдындағы екі-үш балдық жер сілкінісі 2 ақпанда тіркелді.