26 ақп, 2018 сағат 13:53

Алматы облысында су тасу қаупі бар

Алматы облысының аумағында ауа-райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат" ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгін және алдағы күндері Алматы облысының аумағында қар еріп, жауын жауады деп болжануда. Осыған байланысты таулы аймақтардың өзендерінде су тасу қаупі бар. Тұрғындарды барынша сақ болуға ескертеміз. Таулы аймақтарға шықпауға кеңес береміз», - деп мәлім етті облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, құтқарушылар тұрғындардан өздеріне қарасты аймақтардағы арықтардың арнасын аршып, тазалап отыруды сұрайды.