24 нау, 2017 сағат 10:47

Алматы облысында сарбаз парашюті ашылмай қалып, қаза тапты

Алматы облысында сарбаз парашюті ашылмай қалып, қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұшақтан жоспарлы секіру барысында келісімшарт бойынша әскери қызметтегі ефрейтор Е.Узбеков өлімге әкеп соқтырған жарақат алды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айтуларынша, осы дерек бойынша қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп жатыр.