04 қаз, 2023 сағат 16:33

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды

Фото: Алматы облысы Полиция департаменті басшысының Instagram парақшасынан

Алматы облысында кішкентай қызды зорлады деген күдікке ілінген 40 жастағы ер адам ұсталып, қамауға алынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің қыздың әпкесін де зорлауға қатысы бар екені анықталған.

"Күдіктінің әйелі де қамауға алынды.

Сараптамалық тексерулер тағайындалып, бүкіл қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істі тергеу облыс полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында", - делінген ведомство хабарламасында.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесін сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.