06 қаз, 2023 сағат 12:49

Алматы облысында ер адам терроризмді насихаттағаны үшін ұсталды

Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

5 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен және полиция органдарымен әрекеттесе отырып терроризмді интернет желісі арқылы насихаттағаны үшін Алматы облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оның тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды" - делінген хабарламада.

Ұсталған адам бұған дейін де қылмыс жасағаны үшін сотталған.