30 қаз, 2023 сағат 13:38

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды

Фото: Polisia.kz

Алматы мен Түркістанда терроризмді насихаттады деген күдікпен екі ер адам ұсталды, – деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Алматы қаласының Полиция департаменті ҰҚКД-мен бірге терроризм идеяларын насихаттады деген күдіктіні құрықтады.

Ұсталған адам Қазақстан Республикасында тыйым салынған “Хизб-ут-Тахрир әл-Ислами” діни-экстремистік ұйымының жақтаушысы болып табылады.

Сонымен қатар Түркістанда облыстық ПД қызметкерлері прокуратураның үйлестіруімен терроризм идеяларын насихаттады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады.

Ер адам Қазақстанда сот шешімімен тыйым салынған “ДАИШ” халықаралық террористік ұйымы идеологиясының жақтаушысы болып табылады" - делінген хабарламада.


ІІМ баспасөз қызметі мәліметінше, күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту кезінде діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1-бөлігі “Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Тергеу уақытында ұсталғандарға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.