09 сәу, 2021 сағат 16:52

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігерінің желіде тараған жаңа қаулысы - фейк

Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әлеуметтік желіде тарап жатқан жаңа қаулының қауесет екендігін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Instagram (almata_city) әлеуметтік желісінде Жандарбек Бекшин Алматыда карантин шектеулерін өзгертті. Көптеген нысандарға «демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым салынады» деген жаңа қаулы пайда болды.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл ақпарат жалған екенін хабарлайды.

«Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы 2 сәуір 2021 жылы № 15 «Алматы қаласында коронавирус инфекцияның таралуын шектеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» шыққан болатын», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Ведомстводағылар жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамада қылмыстық жауапкершілік көзделетінін еске салды.