Алматы қалалық сотының төрағасы Ақжан Ештай өзінің және қоластындағыларының жалақы сомасын жария етті, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz.
"Бір кездері барлық жерде судьялардың жалақы сомасының жоғары екендігі жазылды, жақында мен осы сұрақты Жоғарғы сот кеңесінің төрағасына, Жоғарғы соттың судьясына қойдым. Жиналыста мен былай дедім: Депутаттардың жалақысын көтереді екен, бізге де сондай жақсы жаңалық бар ма екен?" Ол күлді. Бізге соңғы рет, жалпы барлық мемқызметкерлерге алты жыл бұрын жалақымызды өсірген. Мен қалалық соттың төрағасы ретінде, судья ретінде, сот жүйесінде 30 жыл жұмыс істеген адам ретінде, қолыма 373 мың теңге алатынымды жариялаймын. Мұның барлығы еңбек өтіліне байланысты. Аудандық судьялар қанша алады? 220 мың теңге алады", - деді Ақжан Ештай студенттердің сұрағына жауап бере отырып.
Алматы қаласының бас судьясының айтуынша, тағылымгер судья жалақысының 70 пайызын алады, ал қалалық сотта істейтін хатшы 80 мың теңге, аудандық - 70 мың теңге.
Ақжан Ештай судьялардың жалақысы не көп емес, не аз емес деп ойлайды, алайда дамыған елдермен салыстыратын болса, біздің елде тым аз екен. Бірақ көршілес елдермен салыстырғанда шамалас болып келеді.