Әнші Алла Пугачева өзінің Instagram парақшасында діни қызметкер Андрей Ткачевтің "Ресейден мәңгі кетті" деген сөзіне қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Ерте қуанып қойдыңыз, Андрюша. Демалыс, еңбек демалысы және емделу эмиграция ретінде саналмайды. Қайтып келейін, шешеміз. Шіркеуге барып, сен үшін дұға етемін", - деді Пугачева.
Сонымен қатар, жуырда БАҚ-та және әлеуметтік желілерде түрлі болжамдар жасалған еді. Ондағы мәліметтерге сай, әртіс балаларымен бірге Израильге кетуі мүмкін. Өйткені, қауесетке қарағанда, онда жылжымайтын мүлкі бар.