20 сәу, 2021 сағат 15:04

Әли Ахмедов нокаутпен жеңілісінен кейін дайындыққа қайта кірісті

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12 КО) келесі жекпе-жегіне дайындығын жалғастыруда, деп хабарлайды Sports.kz сайты.

Instagram Stories-інде Ахмедов спортзалда түсірілген фото жариялап, оны «Жұмыс» деген жазумен толықтырды. Қазақстандықтың шаршы алаңға оралу уақыты белгісіз.

Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсанында АҚШ-тың Флорида штаты, Голливуд қаласында өткізді. Онда өзінің бокс мансабында алғаш рет жеңіліс тапты - эквадорлық Карлос Гонгора (20-0, 15 КО) екінші орта санаттағы IBO әлем чемпионының бос титулы үшін айқаста Ахмедовті нокаутқа жіберді. 

Еске сала кетейік, Әли – Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясы GGG Promotions-тың боксшысы.