17 ақп, 2021 сағат 20:22

Әли Ахмедов кезекті жекпе-жегін АҚШ-та өткізеді

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-1, 12КО) келесі жекпе-жегін 12 наурызда өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунтына сілтеме жасап.

BoxRec порталының ақпаратына сәйкес, 25 жастағы Әли Ахмедов 33 жастағы америкалық Скот Сигмонға (34-14-1, 17КО) қарсы айқасады. Кездесу Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді және 10 раундқа есептелген.

Еске салсақ, қазақстандық профи мұның алдындағы жекпе-жегін 2020 жылдың 18 желтоқсанында Голливудте өткізіп, эквадорлық Карлос Гонгорадан (19-0, 14КО) жеңілген еді.

Сондай-ақ аталмыш аккаунттың хабарлауынша, қазақстандық тағы бір кәсіпқой боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) 27 ақпанда рингке оралады. Жеңіліп көрмеген бірінші орта салмақтағы спортшы Алматыда MTK Kazakhstan өткізетін бокс кешінде өнер көрсетеді. Қарсыласы – 39 жастағы ресейлік Денис Царюк (12-4, 10КО).

Ә.Балоев кейінгі айқасын Алматыда тамыз айында өткізген болатын. Ол төрешілердің бірауызды шешімімен беларусь Юрий Быховцевті жеңді.