06 сәу, 2017 сағат 10:10

«Алғашқылар дәуірі»: Қазақстан мен Байқоңырсыз бұл ерлік болмас еді

Танымал режиссер және продюсер Тимур Бекмамбетов астаналық тұрғындарды аты аңызға айналған ғарышкер, әлем бойынша ашық ғарышқа алғаш шыққан Алексей Леонов туралы «Алғашқылар дәуірі» кинокартинасымен қуантты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

6 сәуір күні картина қалың көрерменге жол тартады.

Режиссер Дмитрий Киселев жобаны сәтті аяқтады. Алғашқы минуттан соңында дейін фильм көрерменді өзіне баурап алады. Бұл асырып айту емес. Әрине, мұнда үздік «үштіктің» - Евгений Миронов (Алексей Леонов рөлінде), Константин Хабенский (Павел Беляев) және Владимир Ильиннің (Сергей Королев) еңбегі орасан.

Бұл ашық ғарышқа алғаш рет ұшқан атақты «Восход-2» кемесінің тарихы. Байқоңырсыз, Қазақстансыз мұның барлығы мүмкін емес еді», - дейді Константин Хабенский.

Сонымен бірге, Тимур Бекмамбетов үшін бұл фильмнің қазақ тіліне дубляждалуы аса маңызды болды. «Мен үшін өз Отанымда өз фильмімнің орыс тілінде ғана емес, мемлекеттік тілде де көрсетілуі - өте маңызды», - деді ол.