Өткен аптада әлемде коронавирус жұқтырудың 3,5 млн астам оқиғасы және одан қайтыс болудың 78 мыңнан астам оқиғасы тіркелді. Оның алдындағы жеті күнмен салыстарғанда, ауруға шалдығу деңгейі 15 пайызға, ал өлім-жітім оқиғалары – 7 пайызға төмендеген. Бұл туралы сәрсенбіге қараған түні Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
«Өткен аптаның ішінде COVID-19 жұқтыру оқиғалары мен одан болған өлім-жітім төмендеді: вирус жұқтырған 3,5 млн адам мен одан қайтыс болған 78 мыңнан астам адам туралы хабарлама келді, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда тиісінше 15% және 7%-ға аз», - деп атап өтті ДДСҰ өзінің апта сайынғы эпидемиологиялық бюллетенінде.
24-30 мамыр аралығында әлемде инфекция жұқтырған 3 550 456 адам мен одан қайтыс болудың 78 667 оқиғасы тіркелген. 30 мамырдағы жағдай бойынша, инфекция жұқтырудың барлығы 169 604 858 оқиғасы мен 3 530 837 өлім оқиғасы тіркелді.
Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі Африкада 22 пайызға, Батыс-Тынық мұхиты аймағында 6 пайызға өссе, Еуропада инфекция жұқтырудың жаңа оқиғаларының саны 26 пайызға, Оңтүстік-Шығыс Азияда – 24 пайызға, Солтүстік және Оңтүстік Америкада – 2 пайызға, Шығыс Жерорта теңізінде – 1 пайызға төмендеген. Африкада вирустан болған өлім-жітім деңгейі 11 пайыз өссе, Шығыс Жерорта теңізінде 18 пайызға, Еуропада – 17 пайызға, Оңтүстік-Шығыс Азияда – 8 пайызға, Батыс-Тынық мұхиты аймағында 2 пайызға және Солтүстік және Оңтүстік Америкада – 1 пайызға төмендеген.
Еуропада жеті күннің ішінде 430 мыңнан астам адам ауру жұқтырып, 11 мыңнан астамы көз жұмды.
Солтүстік және Оңтүстік Америкада инфекция жұқтырудың 1,1 млн астам жаңа оқиғасы және 31 мыңнан астам өлім оқиғасы тіркелді.
Оңтүстік-Шығыс Азияда дәрігерлер вирус жұқтырған 1,5 млн астам адамды анықтаған, 29 мыңнан астам адам қайтыс болды.
Үндістанда вирус жұқтырғандар саны бір аптада 1,3 млн астам адамға көбейді.
Одан кейін тізімде Бразилия (420 мыңнан астам жаңа оқиға), Аргентина (219 мыңнан астам оқиға), АҚШ (153 мыңнан астам оқиға), Колумбия (150 мыңнан астам), Иран (69 мыңнан астам), Ресей (61 мыңнан астам), Франция (60 мыңнан астам), Түркия (57 мыңнан астам), Непал (47 мыңнан астам), Чили (46 мыңнан астам) және Индонезия (39 мыңнан астам) елдері тұр.