26 шіл, 2020 сағат 10:02

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 16 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Джонс Хопкинс университетінің интерактивті картасына сенсек, 26 шілде таңдағы мәлімет бойынша әлемде 16 млн 046 мың адам қауіпті індетке шалдыққан. Оның 9,9 миллионнан астамы жазылып кеткен. 644 мың адам қайтыс болған. 

Әлемде COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны бойынша көш бастап тұрған - АҚШ. Мұнда 4 178 021 оқиға тіркелген. Екінші орында Бразилия тұр (2 394 513 адам). 

Жаңа вирусты 1 385 630 адам жұқтырған Үндістан - үшінші орында. Бүгінде Ресей елінде COVID-19 вирусына шалдығудың 805 332 оқиғасы тіркелді (төртінші орын). 

Коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының саны жағынан елдер «ондығына» сондай-ақ Оңтүстік Африка (434 200 оқиға), Мексика (385 036 оқиға), Перу (375 961 оқиға), Чили (343 592 оқиға), Ұлыбритания (300 270 оқиға) және Иран (288 839 оқиға) кіріп отыр. 

Әлемде коронавирустан барлығы 644 528 адам қайтыс болды, соның ішінде 146 460 өлім оқиғасы АҚШ-та тіркелген. Бразилияда қауіпті дерттен 86 449 науқас көз жұмған. Ұлыбритания мен Мексикада сәйкесінше 45 823 және 42 645 адам қаза болған. 

Сондай-ақ, өлім оқиғаларының саны он мың адамнан асқан мемлекеттер тізімінде Италия, Франция, Үндістан, Испания, Перу, Иран және өзге елдер бар.