22 шіл, 2020 сағат 11:54

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 15 миллионға жуықтады

Әлемде коронавирус жұқтырған адам саны көп ұзамай 15 миллионға жетеді. Бүгінде індет жұқтыру оқиғалары 14,9 миллион адамнан асып отыр. Бұл жөнінде "Ұлт ақпарат" Джон Хопкинс университетінің интерактивті картасына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлемде COVID-19 жұқтыру оқиғаларының саны бойынша көш бастап тұрған - АҚШ. Мұнда 3 902 058 оқиға тіркелген. Екінші орында Бразилия тұр (2 159 654 адам). 

Жаңа вирусты 1 193 078 адам жұқтырған Үндістан - үшінші орында. Бүгінде Ресей елінде COVID-19 вирусына шалдығудың 782 040 оқиғасы тіркелді (төртінші орын). 

Коронавирус инфекциясын жұқтыру оқиғаларының саны жағынан «ондыққа» сондай-ақ Оңтүстік Африка (381 798 соқиға), Перу (362 087 оқиға), Мексика (356 255 оқиға), Чили (334 683 оқиға), Ұлыбритания (297 389 оқиға) және Иран (278 827 оқиға) кіріп отыр. 

Әлемде коронавирустан барлығы 616 443 адам қайтыс болды, соның ішінде 142 066 өлім оқиғасы АҚШ-та тіркелді. Бразилияда қауіпті дерттен 81 487 көз жұмған. 

Ұлыбритания мен Мексикада сәйкесінше 45 507 және 40 400 адам қаза болған. 

Сондай-ақ, өлім оқиғаларының саны он мың адамнан асқан тізімде Италия, Франция, Үндістан, Испания және өзге елдер бар.