Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 113 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы 27 ақпан сағат 08.22-дегі мәліметке сәйкес, әлем елдерінде коронавирус барлығы 113 млн 389 мың 116 адамнан анықталды. Оның ішінде 2 млн 517 мың 062 науқас қайтыс болған.
Коронавирус ең көп анықталған 15 мемлекет:
АҚШ - 28 484 429
Үндістан – 11 063 491
Бразилия – 10 455 630
Ресей – 4 175 757
Ұлыбритания – 4 175 315
Франция – 3 746 707
Испания – 3 188 553
Италия – 2 888 923
Түркия - 2 683 971
Германия - 2 436 506
Колумбия – 2 244 792
Аргентина – 2 098 728
Мексика – 2 069 370
Польша - 1 684 788
Иран – 1 615 184
Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтындағы мәліметтер соңғы рет, 26 ақпан күні орталық еуропалық уақыт бойынша сағат 15.39-да жаңартылған. Оған сәйкес, әлемде коронавирусқа шалдыққандар саны 112 млн 649 мың 371 адамды құрайды. 2 млн 501 мың 229 науқас қайтыс болған.
Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал туралы ресми ақпарат тарататын coronavirus2020.kz сайтының статистикасына сүйенсек, елімізде індет барлығы 202 573 адамнан анықталды. Оның ішінде 185 мың 205-і жазылып шықса, 2540 науқас қайтыс болды.