Әлемде COVID-19 індетіне шалдыққандар саны 105 миллионнан асты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Джонс Хопкинс университеті сайтындағы мәліметке сәйкес, әлемде коронавирус 105 млн 346 мың 199 адамнан анықталды.
Оның ішінде 2 млн 296 мың 700 науқас қайтыс болды.
Коронавирусты жұқтыру жағдайлары ең көп тіркелген елдер: АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ұлыбритания, Ресей.