Бүгін әлемде «Ғылымдағы әйелдер COVID-19 қарсы күрестің алдыңғы шебінде» тақырыбына арналған әйелдер мен қыздардың ғылымдағы халықаралық күні аталып өтуде, деп жазады ҚазАқпарат.
СOVID-19 пандемиясы кезінде әйел зерттеушілерінің рөлі орасан зор болды. Індетінің әртүрлі кезеңдерінде, вирус туралы білімді тереңдетуден бастап, вирусқа қарсы вакцинаны тестілеу әдістері мен вирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге дейін әйел ғалымдардың қатысумен біршама жұмыс атқарылды.
Ғылым мен гендерлік теңдік — даму мақсаттарына қол жеткізудің, оның ішінде орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі күн тәртібінде көрініс тапқан ажырамас элементтері. Соңғы жылдары әлемдік қауымдастық әйелдер мен қыздарды ғылымға тарту саласында айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Осыған қарамастан, олар осы салада әлі де шектеулерге тап болып отыр. Көбінесе бұл белгілі бір кәсіптерде мансап құруға кедергі келтіретін гендерлік стереотиптерге байланысты.
«Әйелдер бүкіл әлемдегі денсаулық сақтау және әлеуметтік саладағы жұмыс күшінің шамамен 70% құрайды және пандемиямен күресуде алдыңғы қатарда. Осылайша, қыздардың әртүрлі мамандықтарда, соның ішінде ғылымда жұмыс істей алуы үшін олардың білім алуына неғұрлым көп қаражат жұмсалса, біз қоғам, қауымдастық және отбасы ретінде соғұрлым көп пайда көреміз», - деді ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілі және Қырғызстан мен Түрікменстандағы елдік директоры Джулия Валлезе.
Гендерлік теңдік - бұл адамның негізгі құқығы ғана емес, сондай-ақ бейбіт, гүлденген және орнықты әлем үшін маңызды негіз.
Қыздардың дені сау болып, өмірде барлық мүмкіндіктерге ие болуы үшін әнші, белсенді әрі ЮНФПА спикері KALIYA (Ақмаржан Көшербаева) және «The Steppe» сайты бірге «Қыз Тағдыры» атты жобаны іске қосты. Жоба қыздарға, әйелдерге және шешім қабылдаушыларға білім алуға және барлығына тең қоғам құруға көмектесетін көптеген ақпараттан тұрады.
«Ғасырлар бойы ғалымдар әлем туралы көбірек білуге, өз қиялдарының шекараларын ашуға және басқалардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылды. Кез келген қыздың дәл осылай істеуге мүмкіндігі бар және әр қызға оны жасауға мүмкіндік берілуі керек», - деді KALIYA.