Фото: Мой Город
Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мемлекеттік инспекция комитеті "Шайн мускат" жүзімінің ағзаға зиян келтіру қаупі бар-жоғын анықтау үшін зертханалық талдау жүргізді. Сараптама нәтижесінде жемістен адам денсаулығына қауіпті зиянкестер анықталмағаны хабарланды, деп жазады Ult.kz.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, Қытай Халық Республикасымен шекарадағы Абай ауданындағы филиал нитрат мөлшеріне зерттеу жүргізген.
Талдау қорытындысы бойынша, жүзімдегі нитрат деңгейі 13,7 миллиграмм/келі болып шықты. Бұл көрсеткіш осы өнім үшін рұқсат етілген нормадан аспайды.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде "Шайн мускат" жүзіміне қатысты пікірталас өрбіген болатын. Кейбір ақпарат көздері жемістің құрамында химиялық заттардың көптігі туралы мәлімдеген еді. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бұл мәселеге қатысты пікір білдіріп, Қазақстанға әкелінетін барлық өнімнің зертханалық тексерістен өтуі тиіс екенін атап өтті.