Фото: ашық дереккөз
Food & Drug Administration (FDA) — АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы Swedish Match компаниясының (Филип Моррис Интернешнл құрамына кіреді) снюс өнімін темекі шегушілер үшін шылымға қарағанда зияны аз балама деп таныды. Бұл өнім өкпе мен ауыз қуысы обырының, жүрек-қантамыр ауруларының, эмфизема мен созылмалы бронхиттің даму қаупін төмендетеді.
Агенттік снюсты коммерциялық мақсатта пайдалануға рұқсатты 2032 жылға дейін ұзартты және келесі тұжырымдаманы бекітті: «Снюсты темекі орнына қолдану ауыз қуысы обыры, жүрек аурулары, өкпе обыры, инсульт, эмфизема және созылмалы бронхит қаупін азайтады».
Бұл FDA-ның қауіп-қатері төмендетілген өнімді сатуға рұқсат беру туралы бұйрығын алғаш рет ұзартуы болып табылады.
Компанияның авторизацияны жаңарту өтінімі 330 клиникалық және эпидемиологиялық зерттеумен бірге ұсынылды. Бұл зерттеулер темекіден толық бас тартып, осы баламаға өткендер үшін қауіптің азайғанын көрсетеді.
«Swedish Match компаниясы темекі шегуді түбегейлі жоюға ұмтылады. FDA шешімі — темекі шегушілер мен дәстүрлі темекі тұтынушыларын түтінсіз өнімге көшуге ынталандыратын маңызды қадам. Бұл темекі тұтынушылар үшін қауіпсіз балама ұсынып, халықтың денсаулығын қорғауға көмектеседі», — деді Swedish Match компаниясының Солтүстік Америкадағы президенті Том Хейс.
Швецияда снюс 30 жылдан астам уақыт кең таралған. 13 қарашада елдегі темекі шегушілер саны 4,6%-ға дейін төмендегені хабарланды. Бұл рекордтық көрсеткіш Швецияның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) белгілеген 5%-дық шекті мәннен төмендеп, «түтінсіз ел» мәртебесіне жеткенін білдіреді.