28 қар, 2024 сағат 13:49

Путиннің сапары кезінде LED-экранда Украина туының пайда болуы: полиция тергеу бастады

Фото: видеодан кадр

Еске сала кетсек, кеше (27 қараша) Ресей президенті Владимир Путиннің Астанаға мемлекеттік сапары кезінде интернетте «Астана Опера» театры жанындағы LED-экранда Ресей туының орнына Украина туы пайда болғаны туралы кадрлар тараған еді.

Бұл жағдай хакерлік шабуыл болуы мүмкін деген болжамдар туындады. Алайда «Керуен Медиа» компаниясының өкілдері Ресей туының Украина туының түстеріне боялуы кабельдің тұйықталуынан болғанын түсіндірді.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді:

"Кеше «Керуен Медиа» ЖШС-не қатысты оқиға бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық ықтимал нұсқалары, оның ішінде техникалық ақаулар мен жабдықтың жұмысына сырттан заңсыз араласу мүмкіндігі де қарастырылуда. Қылмыстық іс қозғалды". 


Ведомство барлық мән-жай анықталатынын және кінәлілер табылған жағдайда жауапқа тартылатынын хабарлады.